Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдіру, дамыту. » ГККП "Ясли-сад №130". Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№130 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 224-84-09
Әдіскер:
+7(727) 268-64-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдіру, дамыту.
10
декабрь
2025

Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдіру, дамыту.

mrl-zheltosan.docx [18,6 Kb] (cкачиваний: 1)
Посмотреть онлайн файл: mrl-zheltosan.docx mrl-zheltosan.docx [18,6 Kb] (cкачиваний: 1)
Посмотреть онлайн файл: mrl-zheltosan.docx       

“№130 бөбекжай-балабақшасы”

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ата-аналарға арналған консультация
2025-2026 оқу жылы
Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдіру, дамыту.
Желтоқсан айы
Дайындағанлогопед: Өмірәлі А.Т.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорымен жұмыс ана тілінің сөздік құрамын тиімді игеруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әрекет болып табылады. Сөздік қорды дамыту балада игерген сөздердің әлеуметтік ортада қолданылуын, сөздің мағыналарын игеруді және оларды кұнделікті қарым-қатынаста қолдануды, сөздер қатарының жинақталуын қамтитын күрделі процесс. Сөз қарым-қатынастың мазмұнын қамтиды. Еркін ауызша (және жазбаша) сөйлеу, ең алдымен, баланың сөздік қорының жеткілікті болуына байланысты. Балалармен сөздік жұмысының мәні мен мағынасын, оның сөйлеуді дамытудың жалпы жүйесіндегі орнын анықтау үшін сөздің мағынасы, оның тілдегі және сөйлеудегі рөлі өте маңызды. Ғылыми әдебиеттерде сөз таным мен ойлаудың нәтижесін білдіретін белгі ретінде қарастырылады. Сөздер белгілі бір заттардың атауларын, ұғымдарды, сезімдер мен қарым-қатынастарды білдіретін құрал. Мектепке жасына дейінгі балаларда сөздер санының артуына тоқталатын болсақ, осы жас кезеңі сөздік қордың жылдам ұлғаюымен ерекшеленеді. Балаларда сөздік қордың артуы олардың өмір сүру жағдайларына және қоршаған ортасына тығыз байланысты болғандықтан олардың саны туралы да мәліметтер әртүрлі соның ішінде бір жастағы мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларының бір-бірінен өте ерекшеленеді. Алғашқы мағыналы сөздер балаларда бір жастың соңында пайда болады, ол кезде 10-12 сөзді түсінуі мүмкін. Бір жарым жаста белсенді сөздік қарқынды дамиды, екі жасқа толғанда 300 – 400 сөзді ден, ал үш жасқа қарай 1500 сөзге жетуі мүмкін. Сөздік қордың қарқынды дамуы қоршаған ортадағы заттарды, олармен іс-қимыл, сондай-ақ олардың жеке белгілерін білдіретін сөздер есебінен жүзеге асырылады. Бұдан кейінгі жылдары сөздік қордың дамуы бәсеңдейді, 4 жаста сөздер саны 1900 – ға дейін, 5 жаста – 2000-2500-ге дейін жетеді. Баланың сөздік қорының сапасы мен саны көбінесе сөйлеудің даму деңгейін анықтайды. Сөздікті қалыптастыру және дамыту мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл мәселе отандық және шетелдік ғалымдар мен практиктерді толғандырып жүрген өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінгі күні балалардың кеш сөйлеуі, оның даму қарқынының бәсеңдеуі соның ішінде олардың сөздік қорының тапшылығы көп байқалады. Мұндай жағдайлардың орын алуы балалармен тікелей қарым-қатынастың болмауы, ата-аналардың әлеуметтік желілерге тәуелді болуы, баланың өзімен-өзі болып көбінесе мультфильдер немесе ғаламтордағы ойындаға 9 тәуелді болуы сондай-ақ мектепке дейінгі сала педагогтері мен атааналардың мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту мәселелері бойынша құзыреттілігінің жеткіліксіздігі салдарынан көрініс тауып отыр. Әдетте практикада сөздік жұмыс ерте және кіші мектеп жасына дейін қарқынды жүреді, бірақ ол балабақшаның ересек жас топтарында жүйелі түрде жалғасуы керек. Сөздік қордың түрлері. Баланың сөздік қоры екі түрге пассивті және белсенді сөздіктен тұрады. Пассивті сөздік-бұл бала мағынасын түсінетін, бірақ күнделікті сөйлеуінде қолданбайтын сөздер. Белсенді сөздікке бала түсініп қана қоймай, оларды ауызша сөйлеу мен жазуда қолданатын сөздер кіреді. Әдетте, саны жағынан пассивті сөздік әрқашан белсенді сөздіктен артық болады. Осылайша, негізгі міндет-пассивті сөздікті кеңейту, сонымен қатар белсенді сөздікті белсендіруге көмектесу. Бала сөздердің ең көп санын игере бастайтын ең белсенді кезең-1 жастан бастап. Егер 12 айда бала шамамен 12 сөзді білсе, онда 4 жасында ол 2000 сөзге дейін меңгереді. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың сөздік қорын дамыту күні бойы режимдік сәттерде, тәрбиелеу-білім беру процесінде іске асырылады. Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнындағы тәрбиеленушілердің коммуникативтік дағдыларын жас және ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі әрекеттерді кіріктіріп, ойын түрінде дамыту көзделген. Балалардың түрлі әрекеттері қызығушылықтар орталықтарында жүзеге асырылады. Демек, балаға өз бастамаларын іске асыруға мүмкіндік бере отырып, педагог олармен: - дидактикалық; - сюжетті-рөлдік; - қимылды; - ұлттық; - үстел-үсті; -театрландырылған; - дамытушы т.б. ойындарды ұйымдастырады. Аталған ойындарды тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерде ғана емес, сондай-ақ, серуенде, режимдік сәттердің кез келген сәтінде ойнатуға болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамытуда педагог міндеттері – балалардың сөздік қорларын дамыту; жаңа сөздерді меңгерту; үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байыту. Педагог балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түрін, түсін 10 және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге бағыттайды. Балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі өткізуге болады. Заттармен ойналатын ойындарда ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдануға болады. Мысалы: «Ғажайып қапшық», «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел үсті ойындарын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолдануға болады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «Не артық?», «Есіңде сақта», т.б. Ал, сөздік ойын арқылы сөздерді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, мәдениетті сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата», «Сөз ойла, тез ойла», т.б. Сонымен, сөздік қор – адамның тілдік дамуының маңызды көрсеткіші. Баланың тілі мен сөйлеу мәдениеті – оның жалпы дамуының көрсеткіші болып табылады. Әр жас кезеңінде баланың тілдік қабілеті, сөздік қордың көлемі мен сапасы өзгеріп, дамып отырады. Осыған байланысты сөздік қорды дамытуда әр жас кезеңінің ерекшелігін ескеру – тиімді нәтижеге қол жеткізудің кепілі. 1. Бөбек жасындағы балалардың (1–3 жас) тілдік даму ерекшеліктері Бұл кезеңде бала сөйлеуді енді үйреніп, алғашқы сөздерін айтуға талпынады. Бастапқыда бала тек жеке сөздермен шектелсе, уақыт өте келе екі-үш сөзден құралған қарапайым сөйлемдер құра бастайды. Бұл жастағы сөздік қор көбінесе жақын адамдардың аттарынан, күнделікті тұрмыстық заттар мен әрекеттерден тұрады. Сөздік қорды дамытуда ересектердің сөйлеу үлгісі маңызды рөл атқарады. Даму жолдары: v Заттарды атау арқылы сөз үйрету; v Қайталау әдісімен бекіту; v Суретті кітаптар мен тақпақтар арқылы танымын кеңейту. 2. Мектепке дейінгі жастағы балалар (3–6 жас) Бұл кезеңде балалардың сөйлеуі айтарлықтай дамиды. Олардың сөздік қоры ұлғайып, сөйлем құрау мүмкіндіктері артады. Сөздердің мағынасы мен қолданыс аясын түсіну жақсарады. Сонымен қатар, бұл кезең - баланың қиялы мен логикалық ойлау қабілеті дамитын уақыт. Даму жолдары: v Әңгімелесу және сұрақ-жауап әдістерін пайдалану; 11 v Мазмұнды суреттер бойынша әңгіме құрату; v Әндер мен өлеңдерді жаттату; v Танымдық ойындар мен театрландырылған көріністер ұйымдастыру. Сөздік қорды дамыту – үздіксіз жүретін күрделі процесс. Әр жаста баланың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді әдістерді қолдану қажет. Жас ерекшеліктеріне сай тілдік даму заңдылықтарын білудің нәтижесінде балалардың коммуникативтік қабілеттері артып, тіл мәдениеті қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың жас ерекшеліктері Ерте жаста белсенді сөздіктің қарқынды дамуы тән. Бұрын қалыптасқан артикуляциялық аппарат сөзді толық айту кезінде белсенді жұмыс істеп, өзгерістерге ұшырайды: нақтыланады, тұрақты болады. Баланың сөздің толық айтылуына саналы түрде еліктеу қабілеті дамиды, соның арқасында педагог баланың сөйлеуінің дыбыстық жағының дамуына айтарлықтай әсер ете алады. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті бойынша жұмыстың негізі түрлі еліктеу формаларын қолдану болып табылады. Екі жаста сөздің фонетикалық және морфологиялық құрамы қалыптасады. Артикуляциялық аппараттың қимылын жетілдіру жалғасады. Бұл балаға ызың және сонорлы дыбыстарды шығаруға мүмкіндік береді. Үш жастағы жұмыс балалардың сөздің дыбыстық жағына саналы түрде қатынасына және ана тілінің барлық дыбыстарын жүйелі түрде пысықтауға негізделген. Төрт жастың басында күрделі оқшауланған артикуляциялық аппарат қимылдары қалыптаса бастайды, бірақ артикуляциялық немесе акустикалық белгілерге (с — ш, з—ж және т.б) жақын дыбыстардың анық ерекшеленуі (сөйлеуде де, сөйлеуді есту кезінде де) маңызды. Мұндай дыбыстарды ажыратуды, саралауды жетілдіру бойынша арнайы жұмыс балалардың фонематикалық есту қабілетін одан әрі дамытуға, фонемаларды дыбыстық, мағыналық жағынан ажыратуды игеруге ықпал етеді (фу-су, кота-бота және т.б.). Бес жаста сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, осы кезеңде дыбыстардың негізгі жұптарын саралауға негізделген және сонымен бірге дикция, қарқын және интонациялық экспрессивтілік т. б. бойынша жұмысты қамтиды. Сөздік қорды дамытудың әдістері А) айналасындағылармен тікелей танысу және сөздікті байыту: заттарды қарау және оларды зерттеу, балабақша үй-жайларын бақылау, 12 зерттеу, мақсатты серуендеу және экскурсиялар. Б) қоршаған ортамен жанама танысу және сөздікті байыту: мазмұны таныс емес суреттерді қарау, көркем шығармаларды оқу, кино және бейнефильмдер көрсету, телешоуларды көру. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік ба,дарламасына сәйкес 1 жаста сөздік қорды баланың қоршаған ортасындағы ойыншықтар, киімдер, ыдыстар, көлік түрлерін білдіретін зат есімдермен, тұрмыстық (киіну, жуыну), ойын (ойнау, салу, домалату, тебу) әрекеттерін білдіретін, қарама-қарсы мағыналы (ашу-жабу, бару-келу, алу-салу) етістіктермен, заттардың түсін, пішінін, білдіретін сын есімдермен толықтыру ұсынылады. Аталған дағдыларды игерту үшін баламен көбірек сөйлесу немесе тікелей қарым-қатынас жасау қажет. Баламен үнемі қарым-қатынас жасау – бұл балаға жаңа сөздерді білуге, ересек адамнан өзі байқайтын заттар мен құбылыстар туралы сұрауға мүмкіндік беруге негіз болады. Сөздік қорды дамытудың әдістері Балалардың қоршаған орта туралы білімін нақтылауға және бекітуге бағытталған, балалардың құбылыстарды, заттарды қабылдауы іске асырылатын бақылаулар жүргізу. Заттарды, ойыншықтарды қарау ерте, кіші және ортаңғы топтарда жүргізілетін мұндай жұмыстар балалардың сөздігіне заттардың атауларын, олармен іс-әрекеттерді енгізуге мүмкіндік береді. Суреттерді қарау – балалардың түсініктері мен сөздіктерін нақтылауға бағытталған және әрдайым әңгімемен бірге жүреді. Бұл әдісте диалогтық сөйлеу дамиды, себебі әңгіме сұрақ-жауап түрінде жүреді. Көркем әдебиет, ауызша халық ауыз әдебиеті шығармаларын оқып беру мәтінмен жұмыс жасау кезінде сөздік жұмыс маңызды болып табылады. Мәтінді түсіну сөздердің мағынасын түсіну арқылы іске асырылады. Дидактикалық ойындарды қолдану – ойын әрекеттері балаларда қалыптасқан сөздігін бекітуге және нақтылауға мүмкіндік береді. Ойыншықтармен, заттармен, суреттермен (үстел - баспа), сөздік ойындар. Дидактикалық жаттығулар мен ойындар белгілі бір құбылыс туралы білімді (көрнекілікпен және көрнекіліксіз) бекіту үшін сөйлеудің әртүрлі бөліктерін қолдануды белсендіру үшін қолданылады. Ересек жаста заттарды жіктеуге, топтастыруға, жалпылауға арналған сөздік – логикалық жаттығулар жасауға болады. § Сөздік қорды дамытуға арналған ойындар (дидактикалық ойындар, сюжеттік-рөлдік ойындар, қимылды ойындар). § Сөздік қорды дамытуға арналған жаттығулар (сөздерді қайталау, суреттеу, салыстыру, топтастыру).
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив